Главная » 2011 » Май » 14 » Дәріс 4. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымы және тиімділігін бағалау.
20:37
Дәріс 4. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымы және тиімділігін бағалау.

Кәсіпкерлік істің түрлері салыстырмалы түрде өз алдына жеке, өзара араласып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Бұл жерде барлық кәсіпкерлік істің анықтаушы және ең күрделі түрі- өндірістік кәіпкерлік істі ерекше атап кеткен жөн.

21.-суретте көрсетілгендей, өндірістік кәсіпкерлік іске инновациялық, ғылыми-техникалық тауар мен қызмет түрлерін өндіру, оларды өндірістік тұтыну, сондай-ақ өндірістік бағыттағы ақпараттық іс жатады. Өндірістік іспен айналасуға бел буған кез келген кәсіпкер ең алдымен өндіретін тауарлардың және көрсетілетін қызметтің нақты түрлерін анықтап алуы керек. Тауарға тұтынугылықты, оған сұранысты анықтап алуы үшін кәсіпкер нақты тұтынушылармен, тауарды сатып алушылармен, көтерме жеке сауда ұйымдарымен байланыс жасауы керек. Кәсіпкер мен тауарды сатып алушының арасындағы бекітілген келісімшарт келіссөздің қорытындысы ретінде бола алады. Бұндай келісімшарт кәсіпкерлік қауіптің төмендеуіне мүмкіндік береді.Келісімшарт түзілмеген жағдайда кәсіпкер өзінің өндірістік ісі- тауарды өндіруін, тек ауызша келісім негізінде ғана бастайды. Батыста қалыптасқан нарықтық қатынастар жағдайында ауызша келісім, әдетте мықты кепіл бола алады. Және кейінгі уақыттарды келісімшарт негізінде құжат түрінде бекітіледі. Ал біздің мемлекетімізде нарықтық қатынастар енді қалыптасып жатқан кезде, ауызша келісімнің сенімділігі, беріктігі төмен, қауіп деңгейі жоғары.

Өндірістік кәсіпкерлік істің келесі сатысы- өндірістік факторларды сатып алу немесе жалға алу (аренда).

 

 

Кәсіпкерліктің түрлері

 

 

Өндірістік

Коммерциялық

Қаржылық

Консультативтік

Инновациялық

Саудалық

Банкілік

Жалпы басқару

Ғылыми-техникалық

Саудалық-сатыа алу

Сақтандыру

Әкімшілік басқару

Тауар өндіру

Саудалық -делдалдық

Аудиториялық

Әкімшілік басқару

Қызмет көрсету

 

Лизингтік

Қаржылық басқару

Тауарларды өндірістік тұтыну

 

Қор биржалары

Кадрларды басқару

Қызметтерді өндірістік тұтыну

 

 

Маркетинг

Ақпарат

 

 

Ақпараттық 

технолгия

 

 

 

Мамандандырылған арнайы қызметтер

 

2.1 – сурет. Кәсіпкерлік істің түрлері.

 

Өндірістік факторлары

Өндірістік факторларына жататындары: өндірістік қорлар, жұмысшы күші, ақпарат. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және айналым қорлары  болып бөлінеді.

Негізгі өндірістік қорлар (еңбек құралдары) құрамсында ғимараттар, құрылыстар, өткізу құралдары, қуатты машиналар мен қондырғылар, жұмыс машиналары мен қондырғылары, өлшеугіш және реттеуіш аспаптар мен керек-жарықтар, зертханалық жабдықтар, есептеуіш техника, транспорт құралдары, құрал-саймандар мен тетіктер, өндірістік инвентарь және басқа да өндірістік қорлар болады.

Айналымдағы өндірістік қорлардың (еңбек заттары) құрамына шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай және энергетикалық ресурстар, ыдыс және ыдыстық материалдар, құны төмен және тез тозатын құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтарды жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер жатады. Және де осы жерге қосалқы бөлшектер мен кәсіпорынның өзі дайындаған жартылай фабрикат, алдағы уақыттағы шығындар жатады.

Жұмысшы күші кәсіпкер еңбек биржалары арқылы, жұмысқа орналастыру агенттігіне, хабарландыру беріп, не дос-таныстарының көмегімен жалдайды. Қызметкерді таңдауда оның білімін, берілген жұмысты орындау мүмкіндігін, кәсіптік біліктілік деңгейін, осыған дейінгі еңбек тәжірибесін, жеке мінез-құлқын есепке алуы керек.

Осыдан кейін барып кәсіпкер өзіне қажетті ресурстарды тарту мүмкіндігі тауарлы ақпаратты жинауы керек.Атап айтқанда материалдық, қаржылық,еңбектік ақпараттар, өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметі, өткізетін нарық туралы ақпарат т.с.с.

 

Қаржылық құралдарына мұқтаждық және оны есептеу.

Кәсіпкерлік келісімді жүзеге асыру қаржы шығындарымен байналысқан. Өндірістік кәсіпкерлік істегі, жалпы ақшаға мұқтаждықты (Ам) белгілейміз:

Амжшқақ

Мұнда: Аж-жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы;

Аш-сатып алынатын шикізаттар, жартылай фабрикаттар, материалдар, қосалқы бұйымдар, жанармай,энергия шығындары;

Аөқ- өндірістік қорларды сатып алу мен қолдану шығындары;

Ао-кәсіпкерлерге керекті ақпараттарды сатып алу шығындары;

Ақ-басқа ұйымдардың қызметін төлеу шығындары (транспортғ құрылыс қызметтері).

Өндірістік кәсіпкерлік істі бастау үшін кәсіпкерлердің бастапқы капиталы болуы керек. Оған кез келген тұлғаның мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда кәсіпкер коммерциялық банкке немесе ақша ресурстарыбар заңды немесе жеке тұлғамен несие алу мақсатымен байланысады. Кәсіпкер сонымен қатар несиені өндіріс факторлары түрінде де алуы мүмкін (ғимаратғ жабдықтар, қондырғылар, шикізат, материалдар, ақпараттар, т.б). Бірақ кәсіпкер екі жағдайда да ақшалай немесе өндірістік фактор түрінде алған несие қосымша төленетін пайызымен қайтаруы тиіс.

Өндірістік кәсіпкерлердің дамуы- мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға, көмекке байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында өндірістік кәсіпкерлік негізінен ауыл шаруашылығында, жеңіл өнеркәсіпте, халыққа қызмет көрсету бағыттарында, салаларында дамыған. Ауыл шаруашылығында да бірінші сатыдағы өнімдерді ғана өндіреді. Өндірістің дамымай жатқан себебі, отандық тауарлардың баға жөнінен шетелдік тауарлармен бәсекелесе алмауы деп түсінеміз. Екінші себебі- керекті талапқа сай технологиялық желілерді сатып алуға қажетті инвестициялық қаржының болмауы. Мысалы, 2002 жылы Шымкент қаласындағы «Восход» АҚ 35 млн тг.несие алып жаңа қондарғалар орнатты, бір айдың ішінде шұлық жасап шығара бастады. Шұлықтардың сапасы Қытай шұлығынан әлдеқайда жоғары болғанымен, баға жөнінен бәсекелесе алмады, сөйтіп өндіріс тиімсіз болып қалды. Оның басты себебі салық деңгейінің жоғары болуы деп ойлаймын. Ал инвестицияға келетін болсақ, нақты мақсатты болуы керек. Егер Қазақстанда өндірістік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1 млрд доллар инвестиция құйылатын болса, жалпы экономикалық дамуына үлкен үлес болар еді-әрә технологиялық желінің (мысалы, тері өңдейтін, етті қалбарлайтын, сүт өнімдерін шығаратын, т.б) орта есептік құны 100 мың доллар деп есептесек, әр облысқа 500-ден аса технологиялық желіні орнатуға болар еді.

Алдағы уақытта өндірістік кәсіпкерлікті дамыту үшін салық реформалары, жеңіл түрдегі несиелендіру сияқты шараларды жүзеге асыруы керек.

Өндірістік кәсіпкерлік іске жанама қатысушылары ретінде, республикалық және жергілікті қаржылық органдары, салық инспекциясын, қаржы полициясын айтып кетуге болады. Олар өзіне қатысты фискалдық қызметпен айналысады- атап айтқанда, республикалық және жергілікті органдарға – салық жинау, тағы басқалар жатады.

 

Өндірістік істің нәтижелілігі

Кәсіпкердің өндірістік ісінің нәтижесі өнімді өндіру немесе жұмысты жұзеге асыру, сатып алушыға, тұтынушыға қызмет көрсету және нақты ақша сомасын түсіру болып табылады. Түскен ақша мен өндіріс шығындарының айырмасы кәсіпорын пайдасын құрайды.

Пайда жалпы (баланстық) және кәсіпкердің қалдық (таза) пайдасы болып бөлінеді.

Жалпы пайда деп кәсіпкерде өндіріс пен өнім өткізу шығындарын төлегеннен кейінгі қалдығы, барлық салық төленбеген ақшаның формасын атаймыз.

Таза пайда- жалпы пайдадан салық, әр түрлі төлемдерді айыппұлды, баж салығын тағы басқаларды алып тастау арқылы анықталады.

Таза пайда өндіруші кәсіпкердің ісінің қорытынды көрсеткіші, нәтижесі болып табылады.

Бұндай кәсіпкерліқтердің ісіне қаржылық баға беру, рентабельділік көрсеткішін пайдалану арқылы анықтайды. Рентабельділік таза пайданың толық шығындарға қатынасы арқылы анықталады. Мысалы, өндірістің толық шығыны 40 млн теңге болса, ал таза пайда 6 млн теңге болса, рентабельділік деңгейі 15-ке тең.

Просмотров: 3767 | Добавил: dan4ik | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: