Главная » 2011 » Май » 14 » Дәріс 5. Өндірістік кәсіпкерлік, субъектілері.
20:36
Дәріс 5. Өндірістік кәсіпкерлік, субъектілері.

Кәсіпкерлік іс – алуан түрлі. Кез келген бизнес ұдайы өндіріс циклдерінің негізгі фазалары – тауар мен қызметті өндіру тауарларды айырбастаумен байланысқандықтан кәсіпкерлік істің келесі түрлерін анықтап көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік іс.

Сондай-ақ соңғы жылдары экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік істің жеке түрі ретінде консультативтік (консалтингтік) кәсіпкерлік іс ерекшеленіп келеді.

Сонымен қатар аты аталған кәсіпкерлік істің түрлерінің өздері бірнеше түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік істі кәсіпкерлік істердің алдыңғы, жетекші түрі деп атауға болады. Бұл жерде өнім, тауар өндіру, жұмыс атқару, қызмет көрсету жүзеге асырылады, белгілі рухани байлықтар жасалады. Бірақ нарықты экономикаға өту барысында тура осы өндірістіккәсіпкерлік іс ортасында өте көп жағымсыз өзгерістер болып, өндірістік кәсіпорындар зардап шекті: шаруашылық байланыстар үзілді, материалдық-техникалық өамтамасыз ету бұзылды, өнімді өткізу бірден төмендеді, кәсіпорындарды қаржылық жағдайы нашарлады.

Нарыққа өтудің бірінші жылдарында. Қазақстанда коммерциялық-кәсіпкерлік іс жақсы дамыды. Ол тауар мен қызметті сату, сатып алу операцияларымен, келісімдерімен сипатталады.

Бұл жерде қайтарып алу коэфициенті өте жоғары болды. Сондықтан кәсіпкерлік істің бұл түрі негізінен жеке кәсіпкерлік іс ретінде жақсы дамыды. Көптеген белсенділігі жоғары адамдар өз күш-жігерін пайда табу мақсатында осы салаға жұмсады. Егер өндірістік істе тиімділік деңгейі 10-12 пайызды құраса, коммерциялық бағытта бұл шама 20-30пайызға және одан жоғары болып келеді. Бірақ мемлекеттің өндірістік секторы дамымай, коммерциялық кәсіпкерлік іске жағдай жасалса, ол елдің экономикасына залалын тигізеді. Өйткені алыпсатарлықпен айналысатын кәсіпкерлер сұраныс бар дайын өнімді, өз елімізде өндірмеген жағдайда, басқа мемлекеттен сатып алуға мәжбүр болады. Ол кәсіпкерге пайда түсірмегенімен, мемлекеттен валютаның шығуына, басқа мемлекеттің экономикасына құйылуына себепкер болады.

Кәсіпкерлік істің ерекше түрі ретінде қаржылық-кәсіпкерлік істі атап кетуге болады (немесе қаржы-несиелік). Ол істің ортасы – баға айналымының, құндық айырбасы болып табылады. Қаржылық іс өндірістік ортада да, коммерциялық ортада да кездеседі және жеке түрде де болады.

Просмотров: 1898 | Добавил: dan4ik | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 1
1 Akerke  
0
маған ұнады

Имя *:
Email *:
Код *: