20:35 Дәріс 6. Коммерциялық кәсіпкерлік және тәуекел. | |
Коммерциялық істер тауар биржалары мен сауда ұйымдарында жүзеге асырылады. Тауар биржасы – үлгілері мен тауар көлемінің
төменгі деңгейі белгіленген көтерме тауар нарығының түрі. Тауар биржасында
коммерциялық делдалдар және олардың қызметкерлері ерікті түрде бірігіп
белгіленген ереже боцынша сауда операцияларын жүзеге асырады. Бұндай биржаның
мақсаты – еркін бәсекелестік басқару механизмін құру және оның көмегімен
сұраныс пен ұсыныстың өзгеруін есепке ала отырып, нақты нарықтық бағаны анықтау
болып табылады. Тауар биржасы – стандарт бойынша сатылатын тауарлардың
көтерме нарығының жетілген, қалыпты жұмыс істейтін формасы болып табылады. Бұндай биржалар
экономикасы дамыған барлық мемлекеттерде көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді.
Мына мамандандырылған биржаларды мысал ретінде атап кетуге болады: Лондон
(түрлі-түсті металдар), Либерпуль (мақта), Сингапур (каучук). Тауар биржаларында кәдімгі
сауда-саттықпен қатар фьючерстік келісімді жүзеге асыру кеңінен таралған.
Бұндай келісімдер кезінде келісімшартта көрсетілген тауар үшін төленетін ақшаны
кейінгі уақыттарда төлеуге болады. Тауар биржалары келесі
негізгі қызметтерді атқарады. 1.
Сауда келісімдерін бекітудегі делдалдық қызмет көрсету. 2.
Тауар саудасын реттеу, сауда операцияларын қалыптастыру, саудадағы
келіспеушілікті шешу. 3.
Баға туралы мәліметті, өндіріс пен басқа факторлардың жағдайы туралы
мәліметті жинау және жариялау. Тауар биржаларының
айналымының үлкен бөлігін нақты тауар келісімі емес, болашақ тауарлар бойынша
келісім немесе қамсыздандыру бойынша келісім құрайды (жеткізіп салу). Тауар
биржалары ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржалардың
саудасында тек брокерлер – биржалық делдалдар сауда жасай алады. Ал ашық
биржаларға сырттан келген азаматтар да қатысады. Биржалық операциялар сипатына
қарай тауар биржалары, нақты тауар биржалары және фьючерстік болып бөлінеді. Қазіргі таңда Қазақстанда
20-ға жуық биржалар жұмыс істейді. Алматыдан басқа бұндай биржалар облыс
орталықтарында да кездеседі. Тауар мен қызметті сату, сатып алу бойынша операциялар Коммерциялық кәсіпкерлік
істің негізгі мазмұны сату, сатып алу операцияларының келісімінен тұрады, басқа
сөзбен айтқанда тауар мен қызметті қайта сату болып табылады. Коммерциялық
істің сызбасы кәсіпкерлік істің сызбасымен бірдей десе болады. Бірақ одан
айырмашылығы, бұл жерде материалды ресурстың орнына дайын тауар сатып алынып,
тұтынушыға сатылады. Бұл жерде өндірістің орнына дайын өнімді сатып алу болады. Коммерциялық келісімді
жүзеге асырмас бұрын нарықтық маркетингтік талдау жасау керек. Жалпы түрде
маркетинг коммерциялық кәсіпорынның
(фирманың) шаруашылық ісінің барлық жағын ұйымдастыру мен басқару
жүйесін көрсетеді. Маркетингтік сауда
кәсіпорын ісін басқаруды кешенді түрде жүзеге асыруға есептелген. Маркетинг
арқылы сауда кәсіпорынның өмірлік циклінің барлық түрлері жүзеге асырылады:
нарықты зерттеу, қарым-қатынас арналары бойынша тауарды түпкі тұтынушыға дейін
жеткізу, қаржымен қамтамасыз ету және пайда табу. Бұл жерде сауда кәсіпорнына
екі өзара байланысқан талап қойылады: тұтынушылардың тез өзгеретін мінезіне
бейімделу және бәсекелестік жағдайында аман қалу. Сауда ісіндегі маркетингті
жүзеге асырудың маңызды шарты – оны жоспарлау болып табылады. Маркетинг жоспары
натуралды және бағалық түрдегі сату көлемін анықтауды қоюда негіз болады. Бұл
жерде тауарлар сұранысқа қарай бөлінеді: бірінші топқа нарыққа енді енген,
сондықтан жоғары ықыласты талап ететін тауарлар; екінші топта ұдайы сұраныстағы
дәстүрлі тауарлар. Маркетингтік құрылымда
оперативті басқару жұмысымен қатар нарықты зерттеуде жағдайды бағалау, алдын
ала болжау, жоспарлау, (жоғары айтылған) алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру
және жоғарыда көрсетілген қызметтердің орындалуын бақылау жатады. Сауда фирмасындағы
маркетингтік жұмыстың модельдік бағдарламасын сурет түрінде көрсетуге болады. Егер нарықты алдын ала
талдау мен болжау коммерциялық келісімнің жүзеге асырылуын қолдаса, кәсіпкер
бизнес жоспар жасауы керек. Ол жерде келісімді жүзеге асыру, керекті шыңындарды
есептеу, күтілетін нәтижелер көрсетілуі керек. Жалпы түрде коммерциялық
келісімнің бағдарламасында мыналар болуы керек: 1.
Саудалық делдалдық қызметті орындауға қажетті жұмыскерлерді жалдау (тауарды
сатып алу, тасымалдау, сату, жарнамалық жұмыстарды жүргізу, керекті құжаттарды
толтыру). 2.
Тауарды сақтауға және өткізуде қажетті қоймаларды, базаларды, сауда
нүктелерін сатып алу немесе жалға алу. 3.
Әрі қарай сату мақсатымен тауарды сатып алу. 4.
Келісімді қаржыландыруға қажетті ақша құралдарын кредитке алу және кредитті
қайтару, пайыз төлеу. 5.
Делдалдық қызметті орындайтын ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметін алу
және бақылау. 6.
Келісімді жоспарлау, қалыптастыру және реттеуге керекті ақпаратты алу
немесе сатып алу. 7.
Тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді жинау. 8.
Келісімді саық төлеуді тіркеу. Коммерциялық келісімнің
барлық маңызды салалары уақыт бойынша бір-бірімен байланысады, реттеледі, ал
кейбір жерлерде операциялар қатар жүргізіледі. Қорытындыда бизнес жоспар
жасалады және үйлестірілген жалпы жоспар бекітіледі. | |
|
Всего комментариев: 0 | |