Главная » 2011 » Май » 14 » Дәріс 7. Қаржылық кәсіпкерлік.
20:35
Дәріс 7. Қаржылық кәсіпкерлік.

Коммерциялық банктер.                                                                                                           

Қаржылық кәсіпкерлік іс негізінен коммерциялық банктер мен қор биржаларында жүзеге асырылады. Осы нарық институттарына сипаттама берейік.

Коммерциялық банк – акционерлік түрдегі төлем негізінде коммерциялық ұйымдарды несиелендіретін, ақшалай салымдарды қабылдайтын (депозиттерді) және клиенттердің басқа да өтініштерін, талаптарын орындайтын қаржылай-кредиттік мекеме. Коммерциялық банктің кірісінің көзі – депозиттік пайыздық шама мен кредиттің пайыздық мөлшерінің айырмасы болып табылады.

Коммерциялық банктердің операцияларын үш негізгі топқа бөліп көрсетуге болады: пассивтік (құралдарды тарту); активтік (құралдарды салу); ақылы-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша ақы негізінде әр түрлі операцияларды орындау).

Қазақстагдағы коммерциялық банктердің ерекшеліктері олар ақша құралдарын көп уақытқа тартады, ал кредит құралдарын беру уақыты салыстырмалы түрде әлдеқайда төмен. Соңғы жылдары коммерциялық банктер салымдарды қайтаруға кепілдік беру жүйесіне кірген. Еліміздегі коммерциялық банктер негізінен депозиттік салым қабылдау мен несие беруді жүзеге асырады.

Қазақстандағы коммерциялық банктердің тағы бір ерекшелігі – көпшілігі көп мөлшерде ұзақ уақытты несие бере алмайды. Өйткені  Қазақстанның коммерциялық банктерінің көпшілігінде ондай қаржылар жоқ. Ал дамыған елдердегі коммерциялық банктердің негізгі кірісі ұзақ уақытты несие негізінде қалыптасады. Біздің банктерде сол күнге жетеді деп ойлаймыз.

Қор биржалары.

Нарық институтының тағы бір түрі, қаржылық кәсіпкерлік істің бір элементі – қор биржасы болып табылады.

Қор биржасы – активтердің нақты бағасын анықтайтын, капиталдық іс-қимылын тездететін, қалыпты жұмыс істейтін, ұйымдастырылып, реттелген бағалы қағаздар нарығы.

Қор биржасының жұмыс істеу принципі сұраныс пен ұсынысты оперативті түрде реттеу негізінде қалыптасқан. Қор биржасында бағалы қағаздардың баға белгілеуі жүргізіледі. Ол биржа арқылы өтетін, сатылатын, сатып алынатын құнды қағаздардың арнайы мамандармен жүйелі түрде бағалануы деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде ағымдық бағамдар дәл осы уақыттағы биржада бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға болатын баға деңгейін көрсетеді. Бұл бағалар биржаның белсенділігінің индекстерін алуға негіз болады (мысалы, Доу Джонс индексі).

Шетелде фирмалар мен кәсіпорындар биржаға тікелей қатыспайды. Олардың атынан банк, холдингі компания немесе биржаның делдалдық компаниясы қатысуы мүмкін. Бұндай мүшелердің саны реттеліп отырады және олар жаман атаққа ілікпеген болуы керек. Қор биржасына мүше болу үшін ақша төлеу керек. Мысалы, Нью-Йорк қор биржасындағы бір орынның бағасы 450-ден 6000 мың долларға дейін тұрады, мүшелерінің саны – 1469 дан өзгермейді.

Біздің елімізде қор биржасы жеткілікті дамыған. Бағалы қағаздардың дамуы экономиканың дамуына тікелей байланысты деп ойлаймыз.

Просмотров: 3595 | Добавил: dan4ik | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: