20:34 Дәріс 8. консультативтік кәсіпкерлік. | ||||||||||||||||||
Экономика мен басқару бойынша кеңесшілердің еуропадағы
қауымдастығының анықтамасы бойынша – «Менеджмент-консалтинг» дегеніміз –
басқару мәселелері бойынша тәуелсіз кеңес пен көмек көрсету – оның ішінде
проблемалар немесе мүмкіндіктерді анықтау мен боғалау, оларды жүзеге асыру
бойынша керекті шаралар мен көмектің ұсынылуы. Өнеркәсібі дамыған, нарықты экономикадағы мемлекеттерде
консультативтік қызметтің тиімділігі жаңа қондырғы немесе алдыңғы қатарлы
технолгия сатып алудан кем емес. Қазақстанда қазіргі уақытта кеңес берушінің
(консультанттың) ондай беделі жоқ. Сонымен бірге экономиканы басқару
бағытындағы ақыл-ой капиталы толығымен қолданылады. Елімізде әдетке қайшы
клетін жағдай бар: кәсіпорындардың көпшілігі ұйымдастыру, басқару сипатындағы
себептер бойынша эеономикалық жағдайын төмендетіп алған, нарықтық кезеңге бейім
емес. Соған қарамастан осы бағыттағы ақыл-ой потенциалын қолдана алмайды немесе
қолданғысы келмейді. Ал кеңесшілердің көмегіне сүйінген басқарушылар
қаржылық шаруашылық талдаудан, белсенді маркетингтен, инвестициялық қаржылық
саясатты дұрыстаудан тиімді оң әсер ала бастады. Консалтин,гті қызмет ауызша бір кеңес түрінде жүзеге
асыруы мүмкін. Бірақ негізінде консалтингті жобалар құрамына келесі сатылар
енгізілуі керек: 1)
проблемаларды
анықтау; 2)
шешімдерді,
жобаларды жасау; 3)
шешімдерді,жобаларды
жүзеге асыру. 4)
Жобаның көлеміне
қарай оның соңғы сатысының жүзеге асырылуы бір күннен бірнеше айға дейін созылады.
Кей жағдайларда клиенттермен байланыс бірнеше жылға созылуы мүмкін. Кеңес беру
тәсілдері Кеңес беру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін. Олардың
ішінен ең көп қолданылатын және көп тараған үш түрін атап келуге болады:
эксперттік, процестік, оқытушылық. Эксперттік кеңес беру- консалтингтің ең пассивті түрі
болып табылады. Бұл жерде кеңес беруші диагностиканы өзі жүзеге асырады.
Шешімдер мен кеңестерді өзі еңгізеді. Ал клиент кеңес берушіні керекті
ақпаратпен ғана қамтамасыз етеді. Процестік кеңес беруде консалтингтік фирманың мамандары
жобаны жүзеге асырудың барлық сатыларында тығыз бацланыста болады. Оның өз
пікірін, ұсынысын айтуына мүмкіндік береді. Кеңес берушілер клиентпен бірге
проблемаларды талдайды және ұсыныстарды зерттейді.
2.2.-сурет. Сауда фирмасындағы
меркетингтік жұмыстың моделдік(үлгілік)бағдарламасы Оқытушылық кеңес беру мамандардың басты мақсаты идеяның
пайда болуына шешім жасауға жағдай жасайды. Осы мақсатпен кеңес берушілер
клиенттің кәсіпорнында әр түрлі тақырыптағы
лекциялар, семинарлар өткізеді, теориялық және практикалық жағдайларды
қарастырған оқулықтар шығарады. Жоғарыда аталған кеңес берудің ашқайсысы жеке түрде
қолданылмайды. Әдетте практикады үшеуінің үйлестірілген түрі қолданылады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде кеңестік қызмет нарықты экономика құрылымының маңызды
элементі болып табылады. Консалтиг статистикада жеке сала етіп көрсетілген.
АҚШ-та бұл салада 700 мың адам жұмыс істейді, ал оларжың қызметінің жылдық
көлемі 50 млрд доллор болды. (Қазақстанның сол жылдағы тауар айналымы 6,2 млрд
доллор). Ешқандай экономикалық басқарушылық шешім кез келген мемлекетте
кеңесшілерсіз қабылданбауы тиіс. Консалтингтік қызмет әр түрлі болуы мүмкін. Менеджмент
бойынша Еуропадағы кеңесшілер анықтамасында консалтингті қызметтің сегіз топқа
біріктірілген 84 түрі көрсетілген: жалпы басқару, әкімшілік басқару, қаржылық
басқару, кадрлерді басқару, меркетиг, өндіріс, ақпараттық технология, арнайы
қызмет. Кеңестік
жобаның орналасуын ұйымдастыру Кеңесшілерді фирмамен байланысты түзілгеннен кейін,
фирманың ұсынысын, керегін зерттеу басталады. Зерттеу клиент пен консультанттің
жобаны талқылаумен басталады. Оның алдында кеңес беруші фирма туралы толық
мәлімет алуы керек. Консультант мыналарды білуі керек: фирма немен айналысады
немесе не өндіреді; жұмыскерлердің саны, біліктілігі; басқарушылардың сандық
үлесі; өндіріс немесе жұмыстың көлемі; қызмет саны;шығындар құрылымы мен пайда
шамасы, оның көздері; фирманың қаржылық жағдайы, келісімдердің болуы,
серіктестердің беріктігі. Оданекейін жағдайлар анықталып,оның өзгеру бағыты,
проблеманың негізі белгіленеді. Бұл жерде жұмыстың орналасу жомпар-графигі,
олрадың жүзеге асырылу уақытын нақты етіп белгілеп алу керек. Жалпы фирмаға кеңесесшілер керек пе? Қазіргі таңдағы
Қазақстанның экономиканың, заңдарының нормативтік көрсеткіштерін есепке ала
отырып – иә, керек деуге болады. Бірақ кәсіпорындардың қаржылық жағдайының
төмендігін есепке ала отырып, кеңесшілерді негізінен кәсіпорынның бамты
порблемаларын шешуге ғана шықыруға мүмкіндігі бар деп ойлау керек. Мысалы,
кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау – ең басты проблема. Одан кейін
маркетинг проблемасы, инновациялық мүмкіндіктердің дамуын т.б. қарастыруға
болады. | ||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |