20:34 Дәріс 9. Кәсіпкерлік нысанды жаңадан құру, оны ұйымдастыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа кәсіпорындв құрудың
бастапқы сатысында құрылтайшылар құрамы анықталып, құрылтайшы құжаттары
дайындалады (Кәсіпорын жарғысы мен Ұйымдастыру-құқықтық формасы көрсетілген
кәсіпорынды құру туралы келісімі). Сонымен бірге бұл жерде басшы мен тексеру
комиссиясын сайлау туралы жазылған құрылтайшылардың №1 жиналысының хаттамасы
толтырылады. Содан кейін банкіде уаұытша есеп шот ашылады, оған бір ай
көлеміндегі уақытта тіркелген кәсіпорынның жарғылық қорының 50%-ы түсуі керек.
Одан кейін кәсіпорын құрылған жеріндегі басқарушы органдарды тіркеледі. Ал
мемлекеттік регистрде тіркелу үшін Әділет министрлігіне келесі құжаттар
тапсырылуы тиіс: 1.
Құрылтайшының (немесе құрылтайшылардың) тіркеу туралы арызы. 2.
Кәсіпорын жарғысы. 3.
Құрылтайшылар арасында бекітілген кәсіпорынды құру туралы келісімі. 4.
Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы куәлік. Тіркеу аяқталып және
тіркелу туралы куәлік алынғаннан кейін жаңа кәсіпорын туралы мәлімет Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне өткізіледі. Бұл жерде берілген кәсіпорынды
кәсіпорындардың Мемлекеттік реестріне тіркейді. Кәсіпорынға, кәсіпорындар мен
ұйымдардың Республикалық коды беріледі. Жаңа кәсіпорынды құрудың соңғы
сатыларында құрылтайшылар өзінің салымдарын толығымен банкке салады. Банкте
тұрақты есеп шотын ашады. Жергілікті салық инспекциясында тіркеледі. Мөртаңба
мен дөңгелек мөрді тапсырыс беріп алады. Осы уақыттан бастап кәсіпорын заңды
тұлға болып есептеледі. Шет елдерде
кәсіпорындардың көптеген түрлері қалыптасқан. Оның ішіндегі экономист Г. Берн
ұсынған болашақ кәсіпорынның алты түрлі нұсқасы мыналар: 1.
Инкубатор. 2.
Үйдегі бизнес. 3.
Почта арқылы тапсырысты орындайтын кәсіпорындар және уақытша жұмыс істейтін
кәсіпорындар. 4.
Жиын-кештерде тауарларды сату және тауарды көрсету, таныстыру, жарнамалау
кезінде сату. Жоғарыда айтылған
бизнестердің бір қатар ұқсас белгілері бар: а) іс сипатының жеке
адамға тән болуы; ә) бастапқы капиталға
қойылатын талаптардың өте төмен және тиімді болуы; б) бұл кәсіпоындар тез
қозғалғыш, өзгергіш болып ойластырылады.
Олар бірқатар ерекшеліктермен ажыратылады. Инкубатор – жұмыртқаны
жылудың көмегімен ашуға керекті аппарат екені бізге мәлім, ал бизнесте әдетте,
кіші кәсіпорындардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайды туғызуға жағдай жасайтын
қандай да бір кәсіпорындарды керекті жабдықтарымен, мамандар және эксперттердің
консультативтік кеңесімен керекті капиталды алу мүмкіндігімен т.б. қамтамасыз
етеді. Үйдегі бизнес - өте «тыныш» бизнес болып табылады.
Бірақ бұл жұмыс үймен шектеліп қоймай, үйден тыс жерлерде бұл бизнеспен
айналысуға болады. Мысалы, бапкерлік жұмыс, роялды күйіне келтіру, т.б. ,үйдегі
бизнес тиімді болуы үшін автожауапбергіші бар сымтетік, ұялы сымтетік,
көшірмелі техника, компьютер болған дұрыс. «Барахолка» базарлары – Республикамызда кеңінен тараған сауданың түрі. Өйткені,
еліміздің қалыптасу кезінде күнкөрім көзі ең тиімді, әрі оңай бизнестің түрі
болды. Бұл бизнесте ұсақ өндірушілер де, жеке және көтерме саудашылар да қатыса
алады. Бұл жерде ең қолайлы нәрсе – шығындардың салыстырмалы түрдегі деңгейінің
төмен болуы. Почта арқылы тапсырыстарды
орындау, қызмет көрсету – жоғары арнайы білімділікті, үлкен жинақтылықты,
күш-жігерді уақытты, капиталдық салымды талап етеді. Кепілді пайданы қамтамасыз
ететін керекті тапсырыстың көлемін алу үшін өз ісі туралы көп адамдарды
хабардар ету шарт. Бұл бизнес түрінің жағдайында нақты тапсырыстың пайыздық
үлесі өте төмен жіне пайда түсіру үшін тауардың баңасын едәуір жоғарылатуы
керек. Уақытша жұмыс істейтін
сауда орындары соңғы уақытта республикамызда барахолкалармен қатар дамып келді.
Бұндай сауда нүктелерінде былғары аяқ киім, пафюмерия т.б. өнімдер сатылады.
Сонымен қатар бұл жерлерде ыстық самса, күлше, кәуап, т. с .с. сатылады.
Әдетте, бұндай сауда орындары елеусіз уақытқа ғана жалға алынады. Егер бұндай
сауда орындары елеусіз уақытқа ғана жалға алынады. Егер бұндай сауда түрімен
айналыссаңыз, өтімділігі және айналымы жоғары тауарларды таңдау керек. Жиын-кештерде тауарларды
сату – басқа кәсіпкерлік істің түрлерімен салыстырғанда істің бұл түрі
әрекеттілік пен шығынды салыстырмалы түрде аз талап етеді. Бірақ тек бұл жерде
жиын-тойларға бару мүмкіндігі көп болуы керек. Жоғарыда көрсетілген
бизнестің түрлері бір қарағанда оңай сияқты болып көрінеді. Бірақ әрқайсысын
терең меңгеріп жеке зерттеп байқаудың арқасында дұрыс таңдау жасауға болады. өз
ісін бастаудың алдында кәсіпкер «Маркетингтік барлау» жасап алуы қажет. Атап
айтқанда, бірқатар жағдайларға көңіл аударуы тиіс: 1.
Саяси факторлар – саяси жүйенің тұрақтылығы, меншікті инвестицияларды
қорғау. 2.
Әлеуметтік-экономикалық – құрылып жатқан кәсіпорынның шығарылатын өнімнің
қоғамдағы сатып алу мүмкіншілігін қарастыру. Сонымен бірге, бұл жерде мүмкін
болатын инфляцияға, бәсекелестікке көңіл аудару; қаржы-кредит жүйесінің жағдайы
да есте болған жөн. 3.
Құқықтық-кәсіпкерлік істің заңдық базасының бар болуы және оның жағдайы. Әрі қарай құрылатын
кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы туралы мәселені шешіп алу керек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 1 | ||
| ||